Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Эминем мен Шакира Алматыда концерт бере ме: Әкімдік жауап берді

Эминем мен Шакира Алматыда концерт бере ме: Әкімдік жауап берді

Эминем мен Шакира Алматыда концерт бере ме: Әкімдік жауап берді

Алматы әкімдігі әлемдік жұлдыздар Эминем мен Шакира биыл Қазақстанда өнер көрсетеді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Әкімдік мәліметінше, қалалық қоғамдық кеңестің №5 комиссиясының отырысында "Спорттық нысандар дирекциясы" ЖШС-нің бас директоры Есет Байтасов әртістердің халықаралық гастрольдік туры аясында өтуі мүмкін концерттер туралы алдын ала ақпаратты жариялаған.

"Аталған ақпарат тек таныстыру сипатында екенін және іс-шаралардың нақты өтетінін растамайтынын атап өтеміз. Қазір бұл мәселе пысықтау кезеңінде. Ресми келісімдер жасалған жоқ, сондай-ақ күндері мен өтетін орындары бекітілмеген", – делінген әкімдік хабарламасында.

Әкімдік барлық келісім рәсімдері аяқталғаннан кейін ресми ақпарат қосымша ұсынылатынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Эминем мен Шакира Қазақстанға келіп, концерт беретіні туралы ақпарат тараған еді. Ақпаратты Алматы Қоғамдық кеңесінің №5 комиссия отырысында “Спорттық нысандар дирекциясы” ЖШС-ның бас директоры Есет Байтасов мәлімдеді.

Фото:Stan.kz