Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде мамыргүлді (сирень) жұлғандарға 216 250 теңге айыппұл салынады

Елімізде мамыргүлді (сирень)  жұлғандарға 216 250 теңге айыппұл салынады

Елімізде мамыргүлді (сирень)  жұлғандарға 216 250 теңге айыппұл салынады

Алматыда сиреньді рұқсатсыз жұлғандарға айыппұл қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, қала аумағындағы гүлді зақымдағаны үшін жеке тұлғаларға шамамен 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Аулаларда, саябақтарда және көше бойындағы өсімдік  мемлекет қорғауында. Ал егер ол  жекеменшік аумақта орналасса, мәселе иесімен шешіледі, келген шығынды бағалап, өтемақы талап етуге құқылы.
Полиция мәліметінше, мамыргүлді жұлу көбіне 386-бапқа жатады. Бұл  бойынша да айыппұл көлемі аз емес.
"Қазақстан Республикасы Әкімшілік Кодексінің 386 бабының нормаларына сәйкес жасыл желектерді күтіп ұстау немесе қорғау қағидаларын бұзғаны үшін 30 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде, яғни 130 мың теңгеге жуық айыппұл көзделген. Бұл да әрине аз сумма емес. Азаматтар міндетті түрде жеке жауапкершілікті сезінуге тиіс", - дейді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Фото:NUR.KZ/Владимир Третьяков