Рыбакина Штутгарттағы турнирде жартылай финалға өтті
Рыбакина Штутгарттағы турнирде жартылай финалға өтті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгартта (Германия) өтіп жатқан турнирдің ширек финалында сенімді түрде жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.
Sportarena.kz мәліметінше, әлемнің екінші ракеткасы атанған Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 25-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандеспен кездесті.
Кездесу 3 сағат 2 минутқа созылып, 6:7 (5:7), 6:4, 7:6 (8:6) есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.
Ал қарсыласы 6 эйс жасап, 6 қос қателік жіберді және 14 брейк-пойнттың 3-еуін ғана жүзеге асырды.
Матч барысында Рыбакина 7 рет эйс жасап, 8 қос қателікке жол берді. Сондай-ақ ол мүмкін болған 8 брейк-пойнттың 4-еуін сәтті пайдаланды.
Фото: instagram