Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жамбыл облысында 100 млн теңгеден астам мемлекет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

Жамбыл облысында 100 млн теңгеден астам мемлекет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

Жамбыл облысында 100 млн теңгеден астам мемлекет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

Жамбыл облысында прокурорлар 100 млн теңгеден астам мемлекет қаражатың жымқыру фактісін анықтаған

Ведомствоның мәліметінше, Меркі ауданының прокуратурасы аудандық әкімдіктің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына талдау жүргізген.
Талдау нәтижесінде мемлекетке 108 млн теңге көлемінде залал келтірілгені анықталған.
"Атап айтқанда, бөлім Мыңқазан ауылындағы тұрғын үй массиві үшін электр желілерін салу құрылысы бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға мердігер ұйымға қаражат аударған.
Аталған факті бойынша 2026 жылғы 30 наурызда аудан прокуратурасы ҚР ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Іс одан әрі тергеу жүргізу үшін ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша департаментіне жолданды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Хабарламада Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мән-жайлар жарияланбайтыны айтылған.