Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан балуандары Түркиядағы турнирден 12 алтын алды

Қазақстан балуандары Түркиядағы турнирден 12 алтын алды

Қазақстан балуандары Түркиядағы турнирден 12 алтын алды

Түркияның Анталия қаласында өткен Victory Cup халықаралық турнирінде Қазақстанның U17 және U20 жас санаттарындағы құрама командалары табысты өнер көрсетті.

Жиырмаға жуық елдің 800-ден астам спортшысы қатысқан турнирде Қазақстан балуандары 8 алтын, 9 күміс, 16 қола медаль еншіледі.
Бозкілемге алдымен U17 жас санатындағы балуандарымыз шығып, күрестің үш түрі бойынша да жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Атап айтқанда, грек-рим күресінде қазақстандық спортшылар 3 алтын, 1 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды. Жаңажол Қуанышбек (51 кг), Асқар Нұрали (60 кг) және Төлеш Марлен (65 кг) өз салмақтарында топ жарып, команданың жалпы жеңісіне үлес қосты. Нәтижесінде бұл бағдарламада Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық бірінші орыннан көрінді. Әзербайжан екінші болса, Түркия үшінші орын алды.
Осы қарқын еркін күресте де жалғасын тапты. Мәселен, Бақдәулет Ағабек (48 кг), Темірлан Мұрат (55 кг) және Әділет Рысбай (71 кг) алтын жүлдеге ие болып, Қазақстан құрамасының көшбасшылығын нығайтты. Жалпы есепте отандастарымыз 3 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, бұл сында да бірінші орынға шықты.

Фото:Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі