Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда "Мейірімділік апталығы" басталды

Қазақстанда

Қазақстанда "Мейірімділік апталығы" басталды

Бастама волонтерлік пен қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталған.

Қазақстанда "Игі істер марафоны" республикалық жобасы аясында 20-26 сәуір аралығында өтетін "Мейірімділік апталығы" басталды.
Бір апта бойы ел көлемінде мемлекеттік органдар, білім беру және медициналық мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлердің қатысуымен түрлі игі іс-шаралар мен акциялар өткізіледі. Әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қолдау көрсетуге, жануарларға жауапкершілікпен қарауға және қоршаған ортаны қорғауға баса мән беріледі.
Жоба қазақстандықтарды игі істерге жұмылдырып, қоғамдағы бірлікті нығайтуды, қайырымдылық пен адамгершілік құндылықтарын кеңінен дәріптеуді көздейді. Республика бойынша іс-шараларға мыңдаған адам қатыспақ.

"Кішкентай қадам – үлкен өзгеріс!" ұранымен жүзеге асып жатқан бастама әр адамның үлесі маңызды екенін айқындайды.

Акцияға кез келген адам әлеуметтік желілерде өз игі істерімен бөлісіп, #ИгіІстерМарафоны2026, #МарафонДобрыхДел2026 және #MarathonOfGoodDeeds2026 хэштегтерін белгілеу арқылы қосыла алады.

Фото:istock