Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

"5 млн теңгеден беріледі": Жеңіс күніне орай қарағандылық ардагерлерге қандай көмек көрсетіледі

"5 млн теңгеден беріледі": Жеңіс күніне орай қарағандылық ардагерлерге қандай көмек көрсетіледі

Қарағанды облысында Жеңіс күніне орай ардагерлерге материалдық көмек көрсетіледі. Қолдау шаралары өңірдің 2,1 мыңнан астам тұрғынын қамтиды

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғалымжан Спабековтің айтуынша, бүгінде облыста Ұлы Отан соғысының 6 қатысушысы тұрады: олардың бесеуі Қарағандыда, біреуі Осакаровка кентінде.
Биыл майдангерлерге 5 млн теңгеден беріледі.
Тыл еңбеккерлерінің саны – 2029. Олардың әрқайсысына 100 мың теңгеден төленеді.
Сонымен қатар қолдау басқа да санаттағы азаматтарды қамтиды:
концлагерь тұтқындары мен қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 200 мың теңгеден (33 адам);
қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері мен жұбайларына 50 мың теңгеден (89 адам) беріледі.
Материалдық көмек сәуір-мамыр айларында аударылады. Бұдан бөлек, ардагерлерге шипажай-курорттық ем алуға қолдау қарастырылған – қажетті қаражат жергілікті бюджеттерде көзделген.

Фото:ҰОС ардагерінің медальдары.