Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тоқаев Нидерланд Королін ұлттық мерекесімен құттықтады

Тоқаев Нидерланд Королін ұлттық мерекесімен құттықтады

Тоқаев Нидерланд Королін ұлттық мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Виллем-Александрдың игі бастамаларына табыс, сондай-ақ Король отбасы мен Нидерланд халқына бақ-береке тіледі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады.
Мемлекет басшысы жеделхатта Король күні мерекесінде көрініс тапқан ұлттық ынтымақ пен бірлік құндылықтарының арқасында Нидерланд алдағы уақытта да өсіп-өркендей беретініне сенім білдірді.
Қазақстан – голландықтардың өнері мен мәдениетінде тамыр жайған қызғалдақтың түп отаны. Бүгінде ол халықтарымыз арасындағы достықтың символына айналды. Біз Нидерландпен арадағы уақыт тезінен өткен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз әрі қос халықтың игілігі үшін түрлі саладағы серіктестікті одан әрі нығайтуға бейілміз, – делінген хатта.
Фото: Ақорда