Қазақстанда педагогикалық жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібі қатаңдатылмақ
Қазақстанда педагогикалық жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібі қатаңдатылмақ
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 27 сәуірде Мәжілісте өткен Үкімет сағатында педагогикалық жоғары оқу орындарына қабылдау процесі қалай өзгеретінін түсіндірді.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта педагог кадрларын даярлау көлемі шамадан тыс артқан.
"Бірнеше жыл бұрын "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданып, жалақы көтерілді. Соның нәтижесінде педагогикалық мамандықтарға сұраныс күрт өсті. Алайда сол кезде білім беру бағдарламаларының сапасын жеткілікті деңгейде жетілдіре алмадық. 2027 жылдан бастап педагогикалық мамандықтарға екі кезеңді іріктеу енгізіледі, қабылдау тәртібі қатаңдайды, ҰБТ-ның орташа балы көтеріледі, сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орындарын аттестаттау стандарттары қайта қаралады", – деді министр.
Оның айтуынша, Қазақстанда 5 бейіндік жоғары оқу орны бар, 52 ЖОО педагог кадрларын даярлауға лицензия алған, ал 40-тан астам оқу орнында тиісті кафедралар жұмыс істейді.
Фото: Павел Михеев