Ақша бұлтты, жаңбыр: Қазақстан мегаполистерінде бүгін күн райы қандай болады
Ақша бұлтты, жаңбыр: Қазақстан мегаполистерінде бүгін күн райы қандай болады
4 мамырда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 16 градусқа дейін көтеріліп, түнде 14 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,1 м/с.
Астанада күн ақша бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 21 градусқа дейін көтеріліп, түнде 5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,9 м/с.
Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз үшінші мегаполисте 24 градус шамасында жылы болса, түнде ауа температурасы 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,3 м/с.
Фото: nur.kz