Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ғалымдар қартайғанда пайда болатын ауруларды кейінге шегерудің жолын атады

Ғалымдар қартайғанда пайда болатын ауруларды кейінге шегерудің жолын атады

Ғалымдар қартайғанда пайда болатын ауруларды кейінге шегерудің жолын атады

Зерттеушілер адам қартайған шақта пайда болатын кейбір ауыр аурулардың алдын алудың бірнеше тәсілін атады.

Ұзақ өмір сүрудің кілті
Ғалымдар 40-50 жас аралығындағы физикалық белсенділік болашақтағы денсаулыққа айтарлықтай әсер ететінін айтты. Мәселе тек ұзақ өмір сүруде емес. Ең бастысы  қартайғанда да сергек болып, өз бетіңше өмір сүре алу. Зерттеу Journal of the American College of Cardiology журналында жарияланған.
Зерттеу қандай нәтиже берді?
Ғалымдар 24 мыңнан астам ересек адамның деректерін талдады. Қатысушылардың физикалық дайындығы сауалнама арқылы емес, нақты тест жүгіру жолағы (тредмил) арқылы бағаланды.
Нәтижесінде, кардиореспираторлық төзімділігі жоғары адамдарда ауыр аурулар орта есеппен 1,5 жылға кешірек пайда болатыны анықталды.
Қандай аурулар кеш дамиды

Физикалық форма жақсы болса бірқатар аурулар кеш басталады. Олардың қатарында:
жүрек-қан тамыр аурулары;

қант диабеті;

қатерлі ісік;
бүйрек аурулары;

деменция.

Ер адамдарда өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 2,3 жылға ұзарған. Ал денсаулық жақсы сақталатын кезең 1,3 жылға ұзарады. Әйелдерде де ұқсас нәтижелер байқалған.
Бұл қалай әсер етеді
Аэробты жаттығулар ағзаның тіндерге оттегін жеткізу қабілетін жақсартады. Физикалық белсенділік жүрек, өкпе және қан тамырларын нығайтады. Қан қысымы мен қант деңгейін реттеуге көмектеседі. Сонымен қатар абынуды азайтып, жасушалардың жұмысын тиімді етеді.
Осының бәрі ағзада “беріктік қорының” қалыптасуына ықпал етіп, жас ұлғайған сайын болатын өзгерістерге ұзақ уақыт қарсы тұруға мүмкіндік береді.
Мамандардың кеңесі
Тиімді нәтижеге жету үшін сарапшылар:
аптасына кемінде 150 минут орташа қарқынмен қозғалу;
жаяу жүру, жүзу немесе велосипед тебу сияқты тұрақты жаттығулар жасау;
аптасына кемінде екі рет күш жаттығуларын орындау қажет екенін айтады.
Мұндай қарапайым әдеттер өмір сапасын айтарлықтай жақсартып, ауыр аурулардың пайда болуын кейінге қалдыруға көмектеседі.