Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тоқаев өзіне сыйға тартылған тұлпарлардың бабын көріп қайтты

Тоқаев өзіне сыйға тартылған тұлпарлардың бабын көріп қайтты

Тоқаев өзіне сыйға тартылған тұлпарлардың бабын көріп қайтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр мерекесінде Іс басқармасының атқорасына барып, әр жылдары өзіне сыйға тартылған жылқылардың күтім жағдайын көзбен көріп қайтты

Президент бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайды Ақжан деп атап атаған еді.

Шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сылыңғыр, көзі тау суындай тұп-тұнық, жүрісі паң, өте есті жануар екені бүкіл болмыс-бітімінен байқалып тұрады.

Ақалтеке тұқымына жататын арғымақтардың қатарына бірнеше ай бұрын құла түстес құлын да қосылды. Мемлекет басшысы оған Ақниет деп ат қойды. Аттың сынын жақсы білетін мамандар келешекте халықаралық жарыстарда топ жаратын тұлпар болады деп бағалап отыр.
Президент атқораға жиі барып, жылқыларға өз қолымен жем беріп тұрады. Олардың қатарында жақында Қатар елінен сыйға келген арабы арғымақтар да бар.

Фото:tokayev.online