Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыда Сайран жағалауынан қаңтар кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Алматыда Сайран жағалауынан қаңтар кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Алматыда Сайран жағалауынан қаңтар кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Оны 27 сәуірде "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері тапқан. ІІМ мәліметінше, қару бұған дейін жаппай тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған.
Ел бойынша қаруды тәркілеу
ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері 900-ден аса қару тәркіленген, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 74 қару бар. Сондай-ақ айналымнан төрт мыңнан аса оқ-дәрі алынған.
27-29 сәуір аралығында өткен жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде 67 дана атыс қаруы және түрлі калибрдегі 200-ден аса оқ-дәрі тәркіленген.
"Ішкі істер министрлігі ескертеді: заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады. Азаматтарды заңсыз сақталған қаруды тапсырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға шақырамыз", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Фото: polisia.kz