Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

"Бір пәтердің бағасы": Бақбақ гүлін жұлғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері қазақстандықтарды таңғалдырды

"Бір пәтердің бағасы": Бақбақ гүлін жұлғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері қазақстандықтарды таңғалдырды

Әлеуметтік желідегілер Қазақстанда бақбақ жұлғаны үшін шамамен 13 миллион теңгеге дейін айыппұл салынатынын қызу талқылады. Елде Виталий бақбағы және көк-сағыз бақбағын жұлуға, жинауға немесе зақымдауға тыйым салынған. Ереже бұзғандар 3000 АЕК, яғни 12,9 миллион теңге айыппұл арқалайды.

Белгілі болғандай, Қазақстандағы бақбақтың кейбір түрлері Қызыл кітапқа енгізілген. Әсіресе, көк-сағыз бақбағы. Бұл өсімдік өте сирек кездеседі және оның тамырынан табиғи каучук алуға болады. Екі түр де мемлекет қорғауында.
Қазақстандықтар мұндай сирек түрді кәдімгі бақбақтан қалай ажыратуға болатынын білмей дал болды. Себебі сырттай олар өте ұқсас, сондықтан адамдар байқаусызда заң бұзып қоюы мүмкін.
Бақбақтар ғана емес, Қазақстанда басқа да өсімдіктерді жұлуға тыйым салынған. Қызыл кітапқа 387 өсімдік түрі енгізілген, олардың қатарында меруертгүл (ландыш), бұйра лалагүл, цитвар жусан, қазақстандық қоға, сондай-ақ Грейг, Кауфман, Шренк, Регель және басқа да ондаған қызғалдақ түрлері бар.
Қылмыстық кодектің 339-бабы мен "Өсімдік әлемі туралы" заңына сәйкес сирек өсімдіктерді жұлуға, жоюға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға тыйым салынған. Бұзған жағдайда айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Фото:magnific.com