Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Василий Тахтай Астана күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалды

Василий Тахтай Астана күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалды

Василий Тахтай Астана күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалды

ММА бойынша әлем чемпионы және TAKHTAY TEAM клубының негізін қалаушы Василий Тахтай Астана күрес федерациясында медиа және коммуникациялар жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалды.

Василий Тахтай 1996 жылы дүниеге келген. Ол – ММА бойынша әлем чемпионы, аралас жекпе-жектен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, панкратион және жауынгерлік джиу-джитсу бойынша әлем чемпионы. Кәсіби деңгейде 10 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен.
"Дене шынықтыру және спорт" мамандығын тәмамдаған. Сондай-ақ оның бизнес және басқару саласы бойынша магистр дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2015 жылы Астана қаласындағы №7 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы-оқытушы болып бастаған. Кейін Спортты дамыту дирекциясында жұмыс істеген. Қазір ол “TAKHTAY TEAM” кәсіби жекпе-жек клубының негізін қалаушы, бұл клубта 3000-нан астам спортшы жаттығады
Сонымен қатар Василий Тахтай – Астана қаласының жастар мәслихатының депутаты, "Дала қырандары" қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі, Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің мүшесі және блогер.
Федерация өкілдерінің айтуынша, ол кәсіби спортты дамытуға белсенді үлес қосып, қоғамдық тәртіпті қолдап, салауатты өмір салтын насихаттап келеді.

Фото:Іnstagram.com/tahtaivasilii