Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Санавиация екі айлық сәбиді Пхукеттен Алматыға жеткізді

Санавиация екі айлық сәбиді Пхукеттен Алматыға жеткізді

Санавиация екі айлық сәбиді Пхукеттен Алматыға жеткізді

Пхукеттен Алматыға жағдайы ауыр жаңа туған нәресте арнайы тасымалдау кювезінде жеткізілді

Не болды? Орталық мәліметінше, 24 наурызда туған нәресте 11 мамырда Қазақстанға медициналық авиация арқылы жеткізілді. Оның жағдайы ауыр болып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосуды және тұрақты оттегімен қамтамасы етуді қажет етті. Осыған байланысты дәрігерлер нәрестені арнайы тасымалдау кювезінде жеткізу туралы шешім қабылдады.

Анықтама: Кювез (нәрестелерге арналған инкубатор) - бұл шала туған немесе жағдайы ауыр нәрестелерді күтіп-баптауға арналған жабық мөлдір камера.
"Тасымалдау Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы медициналық авиация мобильдік бригадасы арқылы жүзеге асырылды. Бригада құрамында дәрігер Жасұлан Жұмғұлов, фельдшер Болат Шәріпов және неонатология департаментінің басшысы Асхат Қуанышбаев болды", - делінген хабарламада.
Алматыға жеткізілгеннен кейін нәресте әрі қарай мамандандырылған ем алу үшін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жатқызылды.