Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиев пен әзербайжан халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

– Әзербайжан тәуелсіздік жылдарында мемлекеттілікті нығайту мен әлеуметтік-экономикалық дамуда зор табысқа жетіп, халықаралық аренада беделін күшейте түсті. Сіздің мықты әрі парасатты басшылығыңызбен бауырлас әзербайжан халқы экономиканың орнықты өсімін одан әрі қамтамасыз ете беретініне сенімдімін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Әзербайжан халқына құт-береке тіледі.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Михаил Кавелашвилиді және оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын.

Фото: Ақорда