Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Ресей Президентін қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Ресей Президентін қарсы алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді Тәуелсіздік сарайында ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Елордадағы Тәуелсіздік сарайына келген Владимир Путинді Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Осыдан кейін әуеде жойғыш ұшақтар Ресейдің мемлекеттік туын бояумен бейнеледі. Сарайға кірген Ппрезиденттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Бұдан кейін көрші ел президентінің мемлекеттік сапарына орай сап түзеген құрмет қарауылының бастығы мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады.

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Бұған дейін 27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келетінін жазған едік.

Мемлекет басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

Фото: Видеодан скрин