Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында Димаш Құдайбергеннің құрметіне мерекелік іс-шара өтті

Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында Димаш Құдайбергеннің құрметіне мерекелік іс-шара өтті

Манхэттеннің қақ ортасындағы Таймс-скверде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мерекелік LED-экрандар тағы да іске қосылды, деп хабарлайды dimashnews.

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі әншінің жанкүйерлері бірнеше жыл қатарынан Нью-Йорктің дәл жүрегінде осындай ерекше құттықтау іс-шараларын ұйымдастырып келеді.

Биыл америкалық Dears қауымдастығы жаңбырлы ауа райына қарамастан, Димаштың 32 жасқа толуын атап өту үшін бас қосты.

Жанкүйерлер Таймс-скверге жиналып, мерекелік экрандарды тамашалап, ерекше сәттің қуанышын бірге бөлісті.

Сонымен қатар, Димаш ізгі ниет елшісі болып табылатын Халықаралық көші-қон ұйымының (ІОМ) қайырымдылық бастамасына US Dears қосылды. Бұған дейін өнерпаз гуманитарлық миссия аясында Бангладешке барып, мәжбүрлі қоныс аударушылар лагерінде болып, қолдауға мұқтаж жандармен кездескен еді.

Dears қауымдастығы Димаштың шығармашылығы мен қоғамдық қызметі арқылы насихаттап жүрген мейірімділік, өзара қолдау және бірлік идеяларын қолдауды жалғастырып келеді.

Фото: dimashnews.com