Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астана көшелеріне София және Марко Поло атауын беру ұсынылды

Астана көшелеріне София және Марко Поло атауын беру ұсынылды

Елордада қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Астана қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы ММ басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабек Астанада көше атауларын беру бойынша бірқатар жаңа ұсыныс қаралып жатқаны жөнінде айтты. 

Оның сөзінше, бүгін қолданыстағы заңнамалық талаптарға сәйкес, бұл ұсыныстар қайтадан тиісті комиссияның қарауына енгізілген.

– Ұсыныстарға сәйкес, Нұра ауданында орналасқан жобалық атауы Е-754 көшесіне «София» атауын беру ұсынылып отыр. Бұған дейін Болгария астанасы София қаласында орталық көшелердің біріне «Астана» атауы берілген болатын. Сол көшенің ұзындығы шамамен бір шақырымнан асса, Астанада ұсынылып отырған көше ұзындығы 535 метрді құрайды. Бұл аумақта «Хилтон» қонақүйі, «Жер және адам» ұлттық музейі сияқты маңызды нысандар орналасқан, - деді ол.

Бұдан бөлек Досжан Исабек екінші ұсыныстың Италиямен байланысты екенін атап өтті. 

– Тұран даңғылынан басталып Қабанбай батыр даңғылына дейін созылатын, «Астана Арена» спорт кешені мен «Алау» мұз айдынының сарайы арасындағы атаусыз көшеге Марко Поло атауын беру қарастырылып отыр. Бәріміз білетіндей, Марко Поло – XIII-XIV ғасырларда өмір сүрген венециялық көпес әрі саяхатшы, Азия туралы құнды географиялық және тарихи деректер қалдырған тұлға, - деді мекеме басшысының міндетін атқарушы.

Ұсынысты қолдаушылар мұндай шешім халықаралық мәдени байланыстарды нығайтуға және өзара құрмет принциптерін ілгерілетуге ықпал ететінін атап өтеді.

Фото: Мұхтар Холдорбеков / Кazinform