Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері арзандады - телеарна

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері арзандады - телеарна

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері арзандады - телеарна  

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда кейінгі аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері арзандады.
Қызанақ бағасы айтарлықтай төмендеген. Оның құны бірден 5,5 пайызға арзандады. Қазір еліміз бойынша қызанақтың орташа бағасы - келісіне 654 теңге.
Қияр мен бірінші санаттағы жұмыртқа да қолжетімді бола түсті. Сондай-ақ, бірқатар негізгі өнімнің: сүт, айран, сүзбе және қара шайдың бағасы қайта қаралды.
Қазір ең төменгі бағалар Қонаевта тіркелді, мұнда әлеуметтік маңызы бар тауарлар шамамен жарты пайызға арзандаған. Оң динамика Көкшетау, Павлодар, Шымкент, Атырау және Петропавл қалаларында да байқалады.
Сонымен қатар, Қостанай, Қызылорда, Семей, Тараз және Өскемен қалаларында баға көрсеткіштері өзгеріссіз қалды.

Фото: depositphotos.com