Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді 

Қазақстанда бүгін, 1 шілдеден бастап жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция толық көлемде күшіне енді. Соған сәйкес елдің мемлекеттік басқару жүйесінде ауқымды өзгерістер жүзеге асады.
Ең басты жаңалықтың бірі – екі палаталы парламенттің орнына бір палаталы Құрылтайдың құрылуы. Жоғары заң шығарушы органның құрамына бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді.
Сонымен қатар елімізде вице-президент институты енгізіліп, жаңа консультативтік-кеңесші орган – Қазақстан Халық Кеңесі жұмысын бастайды. Оның құрамына этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың және мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің өкілдері енеді.
Конституциялық өзгерістер аясында азаматтардың құқықтарын қорғауға қатысты бірқатар кепілдік күшейтіледі.
Құқық қорғау органдары азаматты ұстаған сәтте оның құқықтарын толық түсіндіруге міндетті болады. Атап айтқанда, үнсіз қалу, адвокат шақыру және телефон арқылы хабарласу құқықтары бірден хабарлануы тиіс.
Сондай-ақ адвокаттардың мәртебесі конституциялық деңгейде бекітіледі.

Фото: Ақорда