Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан мектептерінде жаңа пәндер енгізіледі

Қазақстан мектептерінде жаңа пәндер енгізіледі

Қазақстан мектептерінде жаңа пәндер енгізіледі 

Қазақстан мектептерінде "Конституция негіздері" және "Жеке қауіпсіздік" атты жаңа міндетті пәндер енгізіледі. Бұл туралы үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап 5-7 сынып оқушылары үшін "Конституция негіздері" пәні енгізіледі, онда оқушылар Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік басқару қағидаттары және құқықтық мәдениет негіздері туралы жүйелі білім алады.
Ал 8-11-сыныптарда "Заң мен тәртіп" міндетті курсы оқытылады. Бұл пәннің негізгі мақсаты – құқықтық сананы нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру.
Сонымен қатар 5-11-сыныптарда "Жеке қауіпсіздік" міндетті курсы енгізіледі. Бұл оқушылардың өмірлік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырумен қатар, ақпараттық қауіпсіздік, кибергигиена, төтенше жағдайларда әрекет ету және қауіптердің алдын алу бойынша практикалық дағдыларын дамытуға бағытталады.
"Жаңартылған білім мазмұны ең алдымен тұлғаның жан-жақты дамуына, іргелі білімді нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және заманауи құзыреттерді дамытуға бағытталады. Сондай-ақ тәрбиелік компоненттің мазмұны едәуір күшейтіледі.
Білім беру жүйесіне "Адал азамат" бірыңғай тәрбие бағдарламасының құндылықтары, "Заң мен тәртіп" қағидаты, "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасы және жаңа Конституцияның негізгі идеялары мен құндылықтары толық енгізілетін болады.
Осылайша мектеп тек білім беретін ұйым ғана емес, заңға құрметпен қарайтын, еңбекті бағалайтын, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін азаматтарды қалыптастыратын ортаға айналады", - деп атап өтті оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Фото: pexels.com