Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

9 млрд теңге: Павлодар әуежайы қайтарылған активтер есебінен жаңартылуда

9 млрд теңге: Павлодар әуежайы қайтарылған активтер есебінен жаңартылуда

9 млрд теңге: Павлодар әуежайы қайтарылған активтер есебінен жаңартылуда 

Бас Прокурордың тапсырмасымен Бас көлік прокуроры Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау барысымен танысты.
Жобаны іске асыруға прокуратура органдары заңсыз иемденілген активтерді қайтару арқылы қалыптастырған Арнайы мемлекеттік қор қаражатынан 9 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сай жүргізілуде, реконструкцияны 2026 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған. Мердігер ұйымға, тапсырыс берушіге және техникалық қадағалау қызметіне жұмыстардың уақтылы әрі сапалы орындалуын, еңбекті қорғау мен экологиялық заңнама талаптарының қатаң сақталуын, сондай-ақ бөлінген мемлекеттік қаражаттың заңды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету қажеттігі көрсетілді.
Реконструкциядан кейін әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 200-ден 300 жолаушыға дейін артып, қызмет көрсету сапасы мен жолаушыларға арналған жайлылық деңгейі артады. Инфрақұрылымның жаңаруы Павлодар облысының көліктік қолжетімділігін арттырып, өңірдің еліміздің басқа қалаларымен байланысын жақсартады.
Жоба прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Фото: baq.kz