+45°C ыстық: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
+45°C ыстық: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында және солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ түсіп, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады және екпінді жел күшейеді. 9 шілдеде елдің шығысында әлі де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Одан кейін жауын-шашынсыз ауа райы орнайды. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда да қысқамерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ал республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, күндіз ауа температурасы қатты және өте қатты ыстық болуы ықтимал екенін ескертті.
Еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында +33…+42°С-қа дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +32…+40°С-қа дейін, оңтүстігінде +38…+45°С-қа дейін, ал шығысында +30…+38°С-қа дейін көтеріледі, - дейді синоптиктер.
Еске салайық, бұған дейін Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда жаз ыстық болатынын айтты.
2026 жылғы маусымда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болатыны да хабарланды.
Фото: kazhydromet.kz