↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астаналық ұстаз 7 мың кітаптан сегіз метрлік мұнара тұрғызды

Астаналық ұстаз 7 мың кітаптан сегіз метрлік мұнара тұрғызды

Астаналық ұстаз 7 мың кітаптан сегіз метрлік мұнара тұрғызды

Астана қаласындағы №12 жалпы орта білім беретін мектептің педагогі Жарқынәлі Ошаев жеті мың кітаптан ерекше арт-нысан жасады. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.
Бұған дейін де қолөнер туындыларымен көпшіліктің назарын аударған ұстаз бұл жолы өзі еңбек ететін мектептің үлкен залында биіктігі сегіз метрлік кітап мұнарасын тұрғызған. Ерекше құрылым ата-аналар мен оқушылардың қызығушылығын тудырып отыр.
Мұнараның басты ерекшелігі – шексіздік әсерін қалыптастыратын оптикалық иллюзия. Еден мен төбеге орнатылған айналардың көмегімен кітаптардан құралған құрылымның ұшы залдың төбесінен әлдеқайда биікке созылып жатқандай көрінеді.
Автор бұл туынды арқылы кітаптың адамзатқа шексіз білім мен ақпарат әлеміне жол ашатынын жеткізуді көздеген.
Жобаны жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік талаптары толық ескерілген. Ал мұнараны құрастыруға қажетті кітаптарды мектептің педагогтері мен оқушылары жинап берген.

Фото: Астана қаласының әкімдігі