Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Доллар бағамы тағы төмендеді: 15 шілдедегі Қазақстандағы валюта бағамы

Доллар бағамы тағы төмендеді: 15 шілдедегі Қазақстандағы валюта бағамы

Доллар бағамы тағы төмендеді: 15 шілдедегі Қазақстандағы валюта бағамы 

Қазақстан Ұлттық банкі 15 шілдеге арналған АҚШ долларының ресми бағамын 468,88 теңге деңгейінде белгіледі. Сонымен қатар еуро, рубль және өзге де шетел валюталарының ресми бағамдары жаңартылып, еліміздегі айырбастау пункттері сатып алу және сату бағаларын қайта қарады.
Ұлттық банктің мәліметінше, еуроның ресми бағамы 534,10 теңге, Ресей рублінікі – 6,04 теңге. Қытай юанінің бағамы 69,16 теңге, түрік лирасы – 9,97 теңге, Қырғызстан сомы – 5,36 теңге болып белгіленді.
Еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде валюта бағамында айтарлықтай өзгеріс байқалмайды.
Астанада доллар 467–473 теңгеден, еуро 532–542 теңгеден, рубль 5,5–6 теңгеден сатылуда.
Алматыда АҚШ долларын 468,5–472,5 теңге аралығында сатып алуға және сатуға болады. Еуроның бағамы 533–540 теңге, Ресей рублінікі 5,73–5,86 теңге аралығында.
Шымкентте доллар 469,5–471,5 теңгеден, еуро 534–540 теңгеден, Ресей рублі 5,75–5,81 теңгеден саудалануда.
Ақтөбеде доллар бағамы 468–472 теңге, еуро 534–540 теңге, рубль 5,85–5,9 теңге деңгейінде.
Павлодарда доллар 468–475 теңге, еуро 533–543 теңге, рубль 5,75–6,1 теңге аралығында саудалануда.
Талдықорғанда долларды 468 теңгеге сатып алып, 473 теңгеге сатуға болады. Еуро 530–540 теңге, ал Ресей рублі 5,77–6,05 теңге аралығында айырбасталады.

Фото: baq.kz