Шипажайға тегін жолдама: Қай өңірде қандай жеңілдік бар?
Шипажайға тегін жолдама: Қай өңірде қандай жеңілдік бар?
Зейнеткерлік жасқа жеткен соң денсаулыққа көбірек көңіл бөлудің маңызы арта түседі. Дәрігерлер де санаторийде ем қабылдау созылмалы аурулардың алдын алып, ағзаны қалпына келтіруге көмектесетінін айтады. Сондықтан мемлекет мұндай емге белгілі бір санаттағы азаматтарды жіберуге қаржы бөледі. Бірақ бұл мүмкіндік Қазақстанның барлық өңірінде бірдей емес. Әр облыс пен қала өз тәртібімен жұмыс істейді. Бір жерде жолдама толық тегін болса, енді бір өңірде оның белгілі бір бөлігін азамат өзі төлейді,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінде санаторийге жолдама беру тәртібі жергілікті әкімдіктердің құзырында. Сол себепті талаптар да, жеңілдіктер де өңірге қарай өзгеріп отырады.
Астанада мемлекет шығынның басым бөлігін өтейді
Елордада санаторийлік ем жергілікті бюджет есебінен ұйымдастырылады.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, соғысқа теңестірілген азаматтар, шетелдегі әскери қақтығыстарға қатысқандар, Желтоқсан оқиғасына қатысып кейін ақталған азаматтар мен тыл еңбеккерлері жолдаманы тегін алады.
Ал қалған зейнеткерлер үшін мемлекет жолдама құнының 80%-ын төлейді. Ең төменгі зейнетақы алатын азаматтар үшін бұл көрсеткіш 85%-ға дейін жетеді.
Елордалық зейнеткерлер көбіне Бурабай курорттық аймағына, Катаркөл жағалауындағы шипажайларға және кей жағдайда Қарағанды облысындағы «Балқаш» сауықтыру кешеніне жіберіледі. Емдеу мерзімі – 14 күн.
Жолдама қарапайым зейнеткерлерге екі жылда бір рет беріледі. Ал жеңілдік санатына жататын азаматтар бұл мүмкіндікті жыл сайын пайдалана алады. Дегенмен жол ақысы мемлекет есебінен төленбейді.
Өтініш беру birge.astana.kz порталы арқылы жүзеге асады. Тіркеу әдетте жолдама берілетін мерзімнен бір-екі ай бұрын ашылады.
Алматыда әлеуметтік жағдайға басымдық беріледі
Алматыдағы талаптар өзгелерге қарағанда қатаңырақ.Мұнда тегін жолдама алдымен Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектігі бар азаматтарға қарастырылған.
Басқа зейнеткерлер үшін отбасының орташа табысы есепке алынады. Егер ол белгіленген деңгейден аспаса, арнайы комиссия өтінішті қарап, шешім шығарады.
Сонымен қатар жолдама алған азамат оның белгілі бір бөлігін өзі төлейді. Төлем мөлшері зейнетақы көлеміне байланысты есептеледі.
Шымкентте жолдамалар толықтай тегін
Шымкентте бұл бағыттағы әлеуметтік қолдау ауқымды жүзеге асып келеді.
Жыл сайын бес жарым мыңға жуық зейнеткер санаторийге тегін жолдама алады. Олар кезек тәртібімен «Ақсу демі», «Күлпаршын», «Денсаулық» және «Айша бибі» шипажайларында ем қабылдайды.
Сонымен қатар қалада «Ізетті зейнеткер» орталығы жұмыс істейді. Мұнда жыл сайын мыңдаған қария сауықтыру қызметін пайдаланады.
Соған қарамастан, сұраныс әлі де жоғары. Қазір санаторий кезегінде шамамен 29 мың адам тұр.
Қарағандыда өтемақы жүйесі қолданылады
Қарағанды облысында басқа тәсіл таңдалған. Азамат алдымен санаторий қызметінің ақысын өзі төлейді. Кейін мемлекет белгіленген мөлшерде шығынның бір бөлігін қайтарады.
Өтемақының ең жоғары көлемі 316 мың теңгеден асады. Бұл қолдау соғыс ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, мүгедектігі бар зейнеткерлерге және 75 жастан асқан азаматтарға көрсетіледі.
Шипажайда демалу қанша тұрады?
Қазір Қазақстандағы көптеген шипажайларда екі апталық емнің орташа құны шамамен 385 мың теңгені құрайды. Оның ішіне тұру, тамақтану және емдік процедуралар кіреді.
Сондықтан мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктердің зейнеткерлер үшін маңызы зор. Әсіресе тұрақты табысы шектеулі қариялар үшін мұндай қолдау денсаулықты күтіп, демалып қайтуға жақсы мүмкіндік береді.
Қазақстанда санаторийлік емдеуге қатысты бірыңғай тәртіп әлі енгізілген жоқ. Сондықтан зейнеткердің мемлекет қолдауына ие болуы ең алдымен оның қай өңірде тұратынына, қандай әлеуметтік санатқа жататынына және табыс деңгейіне байланысты.
Бір өңірде жолдама тегін берілсе, енді бірінде мемлекет шығынның белгілі бір бөлігін ғана өтейді. Дегенмен бұл бағдарлама жыл сайын мыңдаған зейнеткерге денсаулығын нығайтып, сапалы демалу
Фото: