Астана кейінгі 34 жылдағы ең ыстық күнді бастан өткерді
Астана кейінгі 34 жылдағы ең ыстық күнді бастан өткерді
14 шілдеде Астанада метеобақылаулар тарихында жаңа температуралық рекорд орнатылды.
"Қазгидромет" бақылау желісінің деректері бойынша, елордада ауаның максималды температурасы +38,6 градусқа жетті. Бұл 14 шілдедегі бұрынғы рекордтан 3,3 градусқа жоғары. Бұған дейін 1992 жылғы 14 шілде ең ыстық күн болып есептелген, ол кезде термометр бағаны +35,3 градусқа дейін көтерілген болатын.
Рекорд алдын ала болжанды
Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері 14 шілде елордадағы ең ыстық күн болатынын ескерткен. Болжам бойынша, ауа температурасы +37...+39 градусқа дейін көтерілуі тиіс еді, бұл осы күн үшін тарихи максимумнан асып түсті.
Бұл ретте 13 шілденің өзінде-ақ аптап ыстық рекорд көрсеткіштерге жақындады. Сағат 13:40-тағы жағдай бойынша Астанада ауа температурасы +35,9 градус болды. Салыстырмалы түрде алсақ, 13 шілдедегі абсолюттік максимум сонау 1935 жылы орнатылған және ол +39,5 градусты құраған еді.
Естеріңізге сала кетейік, 23 маусымда Астанада осы күнге арналған жаңа температуралық рекорд тіркелді. Ол кезде ауа +36,8 градусқа дейін ысыды. 23 маусымдағы бұрынғы рекорд +36,4 градус болып, ол 1941 жылы тіркелген болатын
Фото: Tengrinews.kz