АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Қазақ Радиолары» ЖШС 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын кезекті сайлауына қатысатын партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын радиоарналар эфирінде орналастырудың жалпы шарттары
«Қазақ Радиолары» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік), «Қазақ радиосы», «Шалқар» және «Classic» радиоарналарының (бұдан әрі – Радиоарналар) меншік иесі, хабар таратудың жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) Радиоарналарда орналастыру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабарлайды.
Радиоарналар Серіктестік пен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған және тіркеген Саяси партия арасында немесе Саяси партияның уәкілетті өкілі арасында (бұдан әрі – Саяси партия) жасалатын жазбаша шарт негізінде Үгіт материалдарын орналастырады. Сонымен қоса Радиоарналарда Үгіт материалдарын орналастыру Радиоарналар бекіткен медиапланға сәйкес жүзеге асырылады, ал медиаплан жазбаша өтініш берілген күні Радиоарналарда бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни Радиоарналардың эфирлік уақытының жоспарлы уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Үгіт материалдарының эфирге жоспарлы шығуына дейін 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.
Үгіт материалдары Радиоарналар эфирінде орналастыру төмендегі Үгіт материалдарын орналастыру жолымен жүзеге асырылады:
- қазақ немесе орыс тілдеріндегі хронометражы 10 (он) секундтан кем емес және 120 (жүз жиырма) секундтан аспайтын аудиороликтер;
- арнайы жобалар (бағдарламалар);
- өзге де Үгіт материалдары.
Саяси партияның не болмаса оның уәкілетті өкілінің Серіктестік басшысының атына жазған жазбаша өтініші Үгіт материалдарын орналастыру туралы шарт жасау үшін негіздеме болып табылады.
Үгіт материалдарының саны, хронометражы, орналастыру жоспарланған күн мен уақыт Саяси партияның не болмаса оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, кейіннен олар шарт талаптарымен бекітіледі.
Өтініш Саяси партиялардың өтініштерін тіркеу журналында, кезектілік тәртібімен, әр жазбаша өтінішке реттік нөмір тағайындау және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу жолымен тіркеледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі керек:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында саяси партияның партиялық тізімінің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2. Саяси партияның өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3. өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4. шарт жасау үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Радиоарналар эфирінде Саяси партиялардың Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не болмаса, егер өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Серіктестік белгілейді.
Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте, сұратылып отырған уақыт ертерек жүгінген басқа Саяси партияға берілген болса немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілуі мүмкін болмаса Серіктестік Радиоарналарының техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Саяси партияға үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.
Үгіт материалдары Радиоарналарда эфирге жоспарлы шығуына дейін кем дегенде кем дегенде 3 (үш) күн бұрын ұсынылуы тиіс.
Аудиоматериалдар Mp3 Audio (.mp3) форматында төмендегі техникалық сипаттамаларға сәйкес ұсынылады:
- дискреттеу жиілігі – 48 000 Гц;
- разрядтылығы – 32 бит;
- стерео;
- жазба деңгейі – 1 dB-ден аспауы тиіс.
Жазбалардың дыбыс сапасы жоғары болуы, бөгде шу, бұрмалану және техникалық ақаулар болмауы тиіс.
Үгіт материалдары сыртқы тасымалдағыштарда (қатты диск, флеш карта) беріледі.
Электрондық тасымалдағышпен бірге Үгіт материалдарын орналастыру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің түсіндермесі беріледі.
Үгіт материалдарында олардың төленуі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе визуалды ақпарат болуы тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар олардың мазмұнінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласында заңнамаға сәйкес болуына дербес жауаптары болады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген тәртіп пен талап бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған кезде Үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейді не болмаса бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.
Егер үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негізін күштеп өзгерту, оның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне қол сұғу, қоғамдық тәртіпті бұзу, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіру, соғысты, қарулы қақтығыстарды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық немесе діни үстемдікті не алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау идеялары, сондай-ақ осындай әрекеттерді жасауға шақырулар қамтылған болса, Серіктестік оларды орналастырудан бас тартады.
Серіктестік Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына басқа да кандидаттардың арына, намысына немесе іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда оларды орналастырудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Үгіт материалдарын орналастыру тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
Радиоарналарда Үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі
Коммерциялық бағдарламаны (арнайы жобаны) әзірлеу және орналастыру

•* Коэффициенттер тек жарнамалық блоктарда орналастыру құнына қатысты қолданылады.
•* Қосымша жеңілдіктер көзделмеген
Жасалған шарт бойынша Радиоарналарда Үгіт материалдарын таратқаны үшін төлем жасау Серіктестік ұсынған төлем шоты негізінде, шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
«Қазақ Радиолары» ЖШС жазбаша өтініштерді 2026 жылғы 20 шілдеден бастап, 2026 жылғы 19 тамызды қоса алғандағы мерзімге дейінгі аралықта, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша), (үзіліс уақыты – сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін), төмендегі мекенжай бойынша қабылдайды:
Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 4, 4-қабат, В.4.078 кабинеті.
«Қазақ радиосы», «Шалқар» және «Classic» радиоканалдары бойынша орналастыру мәселелері жөніндегі байланыс телефондары:
757 308, 757 307
Эфир уақытын беру туралы жазбаша өтініштер факсимильдік және интернет байланысы арқылы қабылданбайды.
«Қазақ Радиолары» ЖШС