Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыдан Түркияның тағы бір қаласына тікелей әуе рейсі ашылды

Алматыдан Түркияның тағы бір қаласына тікелей әуе рейсі ашылды

Алматыдан Түркияның тағы бір қаласына тікелей әуе рейсі ашылды 

31 шілдеден бастап Алматы мен Измир қаласы арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады
SunExpress әуе компаниясы ашқан жаңа бағыт Қазақстан мен Түркия арасындағы туристік, іскерлік және мәдени байланысты одан әрі нығайтып, қаланың халықаралық әуе желісін кеңейтеді.
Рейстер 2026 жылдың қазан айының соңына дейін аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Boeing 737-800 ұшағымен орындалады.
Ұшақ Измирден сағат 21:00-де ұшып, келесі күні 05:00-де Алматыға қонады.
Кері бағыттағы рейстер сәрсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады:
Алматыдан ұшу – 06:25
Измирге келу – 09:50.
Еске салсақ, бұған дейін 2026 жылғы 31 шілдеден бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы кіріп, елімізге тікелей рейстер ашады

Фото: Алматы әкімдігінің ресми арнасы