36 градусқа дейін ыстық: Қазақстан мегаполистерінде бүгін күн райы қандай болады
36 градусқа дейін ыстық: Қазақстан мегаполистерінде бүгін күн райы қандай болады
26 тамызда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті
Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін көтеріліп, түнде 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,6 м/с.
Астанада да күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 27 градусқа дейін көтеріліп, түнде 11 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,3 м/с.
Шымкентте де бүгін жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы 36 градусқа дейін көтеріліп, түнде 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 7,6 м/с.
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков