Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әлемде мұнай бағасы күрт төмендеді

Әлемде мұнай бағасы күрт төмендеді

Әлемде мұнай бағасы күрт төмендеді

АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларды қатаңдатуынан кейінгі жаһандық нарықтағы белгісіздік фонында мұнайдың әлемдік бағасы күрт төмендеді. Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 85 долларға дейін арзандады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана уақытымен сағат 08:10-дағы жағдай бойынша, Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстері 5,89 пайызға арзандап, барреліне 85,2 долларды құрады.
Америкалық WTI мұнайының қазан айындағы фьючерстері 5,65 пайызға төмендеп, барреліне 80,2 доллар болды.
Мұнай неге арзандады?
Сарапшылар котировкалардың құлдырауының бір себебі ретінде АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың алдағы дамуына қатысты белгісіздікті атап өтеді. Трейдерлер АҚШ-тың жаңа санкцияларының салдарын және бұл шаралардың мұнай жеткізіліміне ықтимал әсерін бағалап жатыр.
Бұған дейін АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Иранмен байланысы бар 60-тан астам ұйымға, жеке тұлғаға және кемеге қарсы санкциялар салынғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтон Ислам революциясы күзеті корпусының қаржыландыру көздерін шектеуді көздеп отыр.
Талдаушылардың пікірінше, АҚШ-тың әскери текетірестен экономикалық қысымға көшуі мұнай нарығына қатысушылардың қаупін сейілтті. Олар Иранға қарсы жарияланған санкциялар кейбір трейдерлер күткеннен де жеңіл болып шықты деп есептейді.
Бағаның төмендеуіне котировкалардың ұзақ уақыт өсуінен кейінгі пайданы бекіту (profit taking) процесі де әсер етті.
Сонымен қатар сарапшылар бұл құлдырау уақытша болуы мүмкін екенін ескертеді. Таяу Шығыста жағдай қайта ушықса, энергетикалық инфрақұрылымдарға шабуыл жасалса немесе Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасында қиындықтар туындаса, жағдай тез өзгеруі мүмкін.
Бұл Қазақстан үшін неге маңызды?
Айта кетейік, бұған дейін мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаилов келесі жайтты атап өткен болатын: мұнай бағасы бюджет кірісіне, Ұлттық қордың жағдайы және теңге бағамына әсер етеді. Мұнай нарығындағы тұрақсыздық экономика үшін тәуекелдерді күшейтеді. Бағаның күрт құбылуы инфляцияға, инвестициялық белсенділікке және қаржы нарықтарына әсер етеді. Мұнай кірістеріне тәуелділік елді сыртқы соққылар алдында осал етеді.
Бұл ретте 2026–2028 жылдарға арналған бюджетте базалық параметрлер бекітілген: мұнай бағасы барреліне 60 доллар деңгейінде және доллар бағамы 540 теңге. Экспорттық кірістер, әлеуметтік төлемдер және мемлекеттік шығыстар дәл осы бағдарлар негізінде есептеледі.

Фото: depositphotos.com