Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Президент тапсырмасы: Үкімет Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жоспарын бекітті

Президент тапсырмасы: Үкімет Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жоспарын бекітті

Президент тапсырмасы: Үкімет Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жоспарын бекітті 

Үкімет Президенттің ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын жаппай енгізу жөніндегі Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын іске асыруға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Жоспар азаматтар мен мемлекеттік аппаратқа, бизнес пен экономикаға бағытталған цифрлық трансформацияны қамтиды.
Негізгі межелер:
2029 жылға қарай түлектердің кемінде 80%-ы жасанды интеллектінің базалық дағдыларын меңгеруі тиіс;
2028 жылға қарай ЖОО мен колледждердің кемінде 80%-ы білім беру процесіне ЖИ технологияларын енгізеді;
мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шараларын көрсету уақыты кемінде 50%-ға қысқарады;
жылу-энергетика кешеніндегі активтердің кемінде 70%-ы цифрлық мониторингке қосылады;
техникалық күрделі жаңа құрылыс нысандарының 100%-ы бірыңғай цифрлық контурда сүйемелденеді;
Smart Cargo аясында басым жүк тасымалдары цифрлық паспортпен және маршрут бойындағы трекингпен қамтылады;
2028 жылға қарай банктердің кемінде 80%-ы ақпаратпен қауіпсіз алмасудың цифрлық жүйесіне қосылады;
«Бәйтерек» холдингінде 2029 жылға қарай инвестициялық жобалардың 100%-ын AI-мониторингпен қамту жоспарланған;
IT-қызметтер мен цифрлық шешімдер экспорты кемінде 50%-ға ұлғайтылмақ.
Көлік-логистика саласында цифрландыру жүктердің өткізу пункттерінен бастап негізгі дәліздер мен мультимодальды тораптарға дейінгі бүкіл қозғалысын қамтиды. Интеллектуалды аналитика инфрақұрылымдағы жүктемені бағалап, көлік ағындарын басқаруға және «тар жолдарды» жедел анықтауға пайдаланылмақ.
Денсаулық сақтау саласында бірыңғай цифрлық контурды кеңейту, медициналық self-service сервистерін дамыту және клиникалық шешімдер қабылдауда ЖИ қолдану көзделген. Өңірлерде AI Native cities®ions шешімдері енгізіліп, қауіпсіздік, қалалық басқару және көлік қозғалысын реттеу цифрландырылады.
ШОБ үшін цифрлық комплаенс пен тәуекелге бағдарланған бақылау енгізіліп, тәуекелі төмен кәсіпкерлерді физикалық тексеру санын қысқарту жоспарланған. Салық саласында процестердің едәуір бөлігін адамның қосымша қатысуынсыз жүзеге асыратын интеллектуалды әкімшілендіру моделіне көшу көзделіп отыр.
Сонымен қатар цифрлық трансформация киберқауіпсіздықты күшейтумен қатар жүреді. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің қорғалу деңгейін арттырып, азаматтарға дербес деректерінің пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік беретін сервистерді кеңейту жоспарланған.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі