Олжас Бектенов Премьер-Министр лауазымына тағайындалды
Олжас Бектенов Премьер-Министр лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін Құрылтайдың жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын.
Фото: primeminster.kz