Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тоқаев Садыр Жапаровты құттықтады

Тоқаев Садыр Жапаровты құттықтады

Тоқаев Садыр Жапаровты құттықтады

Мемлекет басшысы Қырғызстан Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай президент Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады.
"Бұл айтулы мереке қырғыз халқының еркіндікке, дербестік пен тәуелсіздікке ұмтылысын айшықтайды. Осы жылдар ішінде Қырғызстан ел болып еңсе тіктеуден бастап, орнықты дамуға дейінгі жолды абыроймен еңсерді. Мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, бай рухани мұрасын сақтап қалды. Халықаралық аренада беделді елге айналды. Бұған Қырғыз Республикасының 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы жарқын мысал бола алады", – деп жазылған құттықтауда.
Жеделхатта елдерімізді ғасырлардан тамыр тартатын достық пен тату көршілікке негізделген бауырластық қарым-қатынас байланыстыратыны атап өтілген. Президент стратегиялық серіктестік пен одақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды түрде нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас қырғыз халқына құт-береке тіледі.
Қырғызстанның Тәуелсіздік күні 31 тамызда, яғни 1991 жылы Жоғарғы кеңес республиканың тәуелсіздігін жариялаған күні атап өтіледі. Мереке 1990 жылы егемендік туралы заңдардың қабылдануымен басталып, Мәскеудегі сәтсіз тамыз төңкерісінен кейін бекітілген процестермен аяқталды. Содан бері бұл күн елдің басты ұлттық мерекесі саналады: ол мемлекеттіліктің қалпына келуін білдіреді және бүл күні елде демалыс болады, одан бөлек бұқаралық іс-шаралар және Бішкекте концерт өтеді.

Фото: Ақорда