↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

+22 градус: Астана мен Алматыда ауа райы өзгереді

+22 градус: Астана мен Алматыда ауа райы өзгереді

+22 градус: Астана мен Алматыда ауа райы өзгереді 

Қазгидромет Астана мен Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 9, 10 және 11 қазанда мегаполистерде ауа райы қандай болады
Алдағы күндері Астана мен Алматыдағы ауа райы айтарлықтай ерекшеленеді: елордада түнде -3 градусқа дейін суытса, Алматыда ауа температурасы +22 градусқа дейін жылынады.
Астанадағы ауа райы
9 қазанда күн құбылмалы болады, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +3...+5 градус, күндіз +9...+11 градус болады.
10 қазанда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1...-3 градус, күндіз +11...+13 градус болады.
11 қазанда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +13...+15 градус болады.
Алматыдағы ауа райы
9 қазанда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +19...+21 градус болады.
10-11 қазанда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +20...+22 градус болады.
Қазақстан күн жылынады
Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болатынын хабарлаған. Өңірлердің басым бөлігінде жаңбыр жауады, ал еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар болжанады. Ал батыс пен оңтүстікте жауын-шашын болмайды, онда температура +27 градусқа дейін көтеріледі.

Фото: depositphotos.com