Сәрсенбіде ел мегаполистерінде күн жылы болады деп күтілуде
Сәрсенбіде ел мегаполистерінде күн жылы болады деп күтілуде
Синоптиктер бүгін, 18 қарашада Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет"
Бүгін Алматыда көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +8...+10 градусқа дейін көтеріліп, түнде +1...+3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады.
Астанада күн ала бұлтты болады деп болжанып отыр. Күндіз ауа температурасы +3...+5 градусқа дейін жылынып, түнде -4...-6 градусқа дейін суытады. Желдің жылдамдығы секундына 14 метрге жетеді.
Бүгін Шымкентте күн бұлтты болады, жауын-шашын жаумайды. Күндіз термометр бағаны +15...+17 градусқа дейін көтеріліп, түнде +4...+6 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады.
Фото: puflic_senior/Getty Images