↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыда ақын Бекжан Әшірбаевтың «Жанартау» атты жыр кітабының таныстырылымы өтеді

Алматыда ақын Бекжан Әшірбаевтың «Жанартау» атты жыр кітабының таныстырылымы өтеді

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері ақын Бекжан Әшірбаевтың «Жанартау» атты жыр кітабының таныстырылымы өтеді.

Кеш аясында ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасына арналған «Бекзат болмысты Бекжан» атты деректі бейнефильм көрсетіліп, «Жанартау» жыр кітабының таныстырылымы болады. Кешке Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы М. Құлкенов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі, ақынның анасы Ұлбике Әшірбаева, жерлестері мен баспа өкілдері, көрнекті ақын-жазушылар мен белгілі эстрада жұлдыздары қатысады.


Өтетін күні: 23 қараша, 2026 жыл. Басталуы сағ. 11:00.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Абай даңғылы 14.


Ұйымдастыру алқасы: Қазақстан Жазушылар одағы
Байланыс телефондары: +77013354387 Асқар Дүйсенбі, +77027405590 Бауыржан Әліқожа.