Бүгін Қазақстан мегаполистерінде жаңбыр күтіледі
Бүгін Қазақстан мегаполистерінде жаңбыр күтіледі
Синоптиктер бүгін, 24 қарашада Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болатынын айтты. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +16 градусқа дейін көтеріліп, түнде +2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,3 м/с.
Астанада да өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +7 градусқа дейін жетіп, түнде +3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,5 м/с.
Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз термометр бағанасы +15 градусқа дейін көтеріліп, түнде +6 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,8 м/с.
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков