Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Конституциялық Сотта отандық медиа-менеджерлермен кездесу өтті

Конституциялық Сотта отандық медиа-менеджерлермен кездесу өтті

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова Бас редакторлар клубының президенті, Парламент Сенатының депутаты Б.Жексенбай бастаған отандық медиа-менеджерлер тобымен кездесті.

Шараға Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Б.Нұрмұханов және КС судьясы Р.Подопригора қатысты.

Ашық және сенімді әңгімелесу барысында Конституциялық Сот қызметінің түрлі аспектілері, оның азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудағы және заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды.

Кездесуге қатысушылар конституционализм қағидаттарын насихаттауда және қоғамда жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде өзара тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдерінің қатысуымен азаматтардың өтініштерін қабылдау орталығының ашылу салтанаты өтті. Онда Аппарат қызметкерлері конституциялық бақылау органына өтініштерді беру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ Конституциялық Соттың құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша өз құқықтарын қорғаудың балама жолдарын іздейтін азаматтарға қолдау көрсету үшін заң консультанттары мен адвокаттарды тарту жоспарлануда. Бұл қадамдар азаматтарға заң көмегінің қол жетімділігін қамтамасыз етуге және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.