↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақы өсуі мүмкін

Қазақстанда сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақы өсуі мүмкін

Қазақстанда сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақы өсуі мүмкін 

Қазақстанда мұғалімдердің сынып жетекшілігі үшін алатын қосымша ақысын арттыру мәселесі қарастырылып жатыр. 

Құрылтайда өткен брифинг барысында журналистер оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға педагогтерге сынып жетекшілігі үшін шамамен 8 мың теңге қосымша ақы төленетінін айтып, бұл соманың мұғалімдердің атқаратын жұмысы мен балаларға бөлетін уақытына қаншалықты сәйкес келетінін сұрады.

Министрдің айтуынша, білім беру саласында қосымша ақыға қатысты бірқатар мәселе бар. Министрлік алдымен педагог-психологтардың еңбекақысына қатысты түйткілді шешкен. Қазір оларға шамамен 60 мың теңге көлемінде қосымша ақы төленеді.
"Қазір арнайы педагогтердің қосымша ақысын арттыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Себебі бұл салада қажеттілік жоғары екенін көріп отырмыз. Ал келесі кезеңде сынып жетекшілерінің мәселесін қарастырамыз", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Оның сөзінше, қазір сынып жетекшілерінің атқаратын жұмысына, соның ішінде өткізетін сынып сағаттарының санына қатысты талдау жүргізіліп жатыр.
Министр бұл мәселенің нақты қашан шешілетінін әзірге айту ерте екенін жеткізді. Өйткені қосымша төлем мөлшерін арттыру республикалық бюджеттің мүмкіндігіне де байланысты.
Сондай-ақ арнайы педагогтердің қосымша ақысын көтеру мәселесі 2029 жылға қарай қарастырылып жатқанын атап өтті.
"Сынып жетекшілеріне қатысты мәселе де күн тәртібінде тұр. Себебі тәрбие жұмысының сапасы көп жағдайда олардың еңбегіне байланысты. Нақты мерзімін айта алмаймын, бірақ министрлік бұл бағытта жүйелі әрі кешенді жұмыс жүргізіп жатыр", – деді министр.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда сынып жетекшілігінен бас тартатын мұғалімдер көбейгені туралы жазған едік. Себебі оқушылардың сабаққа қатысуын бақылап, ата-аналармен байланыс орнататын педагогке ай сайын небәрі 8,5 мың теңге қосымша ақы төленеді. Ұстаздар еңбектің лайықты бағаланбайтынын айтып, мәселені әлеуметтік желіде көтерді.

Фото: istockphoto.com