Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Түркістанда ауруханасында қарындасы ағасына бауырын беріп, өмірін сақтап қалды

Түркістанда ауруханасында қарындасы ағасына бауырын беріп, өмірін сақтап қалды

Түркістанда ауруханасында қарындасы ағасына бауырын беріп, өмірін сақтап қалды

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында қарындасы ағасына бауырын беріп, өмірін сақтап қалды.

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында үшінші рет бауыр трансплантациясы сәтті жасалды. Ота Болатбек Баймаханов бастаған жоғары білікті мамандардың қатысуымен өтті.

41 жастағы науқасқа MELD 16 балл көрсеткішімен бауыр циррозы диагнозы қойылған. Ауруы жарты жыл бойы асқынып, портальды гипертензия, асцит және басқа да ауыр асқынулармен жүрген. Жүргізілген емге қарамастан, жағдайы нашарлап, трансплантация өмірін сақтап қалудың жалғыз тиімді жолы болды.

Донор – науқастың 20 жастағы туған қарындасы. Ол өз еркімен келісім беріп, толық медициналық тексеруден өтті. Қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ.
Операцияны А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының мамандарынан құралған бірлескен команда жүргізді.
"Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтуде, трансплантацияланған бауырдың қызметі біртіндеп қалпына келуде.

Бұл – өңірдегі трансплантологияның қарқынды дамуының айқын дәлелі және жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам", - делінген хабарламада.

Фото:instagram.com/okb_turkestan