Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұлттық ұланда 11 түрлі аспапты меңгерген сарбаз борышын өтеуде

Ұлттық ұланда 11 түрлі аспапты меңгерген сарбаз борышын өтеуде

Ұлттық ұланда 11 түрлі аспапты меңгерген сарбаз борышын өтеуде

Ұлттық ұланда 11 түрлі аспапты шебер меңгерген сарбаз әскери борышын өтеп жүр. Рамзат Азизұлы қазір Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер. Домбыра, шертер, гитара және бас-гитараны, сондай-ақ, ұрмалы аспаптарды еркін меңгерген. 21 жастағы Рамзат Жамбыл облысының Жуалы ауданының тумасы. Ата-анасы музыка пәнінің мұғалімі. Әскерге шақырылғанға дейін ол Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония жанындағы «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблінің құрамында өнер көрсеткен. Музыкант ретінде телевизиялық жобаларға да қатысқан. Ал әскерде оның музыкалық қабілеті қызметтің алғашқы күндерінен бастап қолдау тапқан.
Рамзат Азизұлы, 5574 әскери бөлімінің сарбазы:

Жалпы, әскерге келгелі өзімнің өнер жолымды жарты жолдан қалдырып кетпей, осы жерде жалғастырудамын. Қазіргі таңда әр мерекеде әр іс-шараларда өз өнерімізді көрсетіп, қарулас бауырларымыздың рухын көтеріп, іс-шараға атсалысып, қызметте жүреміз.

Фото: qazaqstan.tv