Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тойға сыйлық немесе кофе үшін: Қаржы министрлігі аударымдарды тексеру туралы еске салды

Тойға сыйлық немесе кофе үшін: Қаржы министрлігі аударымдарды тексеру туралы еске салды

Тойға сыйлық немесе кофе үшін: Қаржы министрлігі аударымдарды тексеру туралы еске салды

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қазақстандықтар арасындағы күнделікті аударымдар кәсіпкерлік қызмет болып саналмайтынын және салықтық бақылауға жатпайтынын тағы да еске салды.

Сонымен қатар, ол журналистің кофе, түскі ас, туыстарға көмек үшін жасалған аударымдар, сондай-ақ қаралы жағдайлардағы ақша жинау мәселесіне қатысты сауалына жауап берді. Нақтырақ айтқанда, мұндай төлемдер ЖК ретінде тіркелген адамның шотына түскен жағдайда тексерілетін-тексерілмейтінін түсіндірді.

Біржановтың айтуынша, бақылау механизмі заңда жазылған, ал Ұлттық банк тиісті ережелерді бекіткен.

Осыдан кейін салық органдары банктерден бірінші тоқсан бойынша мәліметтер алады, бірақ бұл тек белгіленген тәуекел критерийлеріне сәйкес келетін операцияларға ғана қатысты болмақ.
"Біз белгіленген критерийлерге сәйкес банктерден бірінші тоқсанның деректерін аламыз. Яғни,"қызыл жалаушалар" (күмәнді белгілер) бойынша банк мәліметтерді жүктеп, бізге ақпарат береді", - деді вице-министр үкіметте өткен брифингте.
Ол бұл мәліметтер кейін камералдық бақылау шеңберінде қолданылатынын түсіндірді. Қажет болған жағдайда азаматтарға хабарлама жіберіледі. Бұл хабарламаны салық есептілігін тапсыру немесе түсініктеме беру арқылы орындауға болады.
Анықтама: Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті бұйрыққа сәйкес екінші деңгейлі банктерден (ЕДБ) ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны бойынша мәліметтер 15 сәуірден кешіктірілмей күтілетінін хабарлаған болатын.
Бұл ретте, Біржанов тұрмыстық аударымдар мұндай белгілерге жатпауға тиіс екенін атап өтті.
"Сіз айтып отырған кофе немесе түскі ас үшін төлеу жағдайы бизнес белгілері санатына, сірә, кірмейді. Онда критерийлер өте көп және олардың барлығы бір мезгілде сәйкес келуге тиіс", - деді ол.
Оның айтуынша, туған күндерге, отбасылық іс-шараларға немесе ұйым ішіндегі ұжымдық жиналымдарға арналған аударымдар, егер олар кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, есепке алынбайды.
Тіпті адам жеке картасына ақша алып, сонымен бірге жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса да, бұл аударым автоматты түрде бизнестен түскен табыс деп танылады дегенді білдірмейді.
"Егер ол жеке тұлға ретінде карточка ашса, бірақ жеке кәсіпкер болса және оған туған күніне немесе үйлену тойына ақша сыйласа, біз мұны көреміз. Бірақ оны кәсіпкерлік қызмет ретінде қабылдамаймыз", - деп мәлімдеді Біржанов.
Ол кәсіпкерлік қызмет белгілері болмаған жағдайда, ешбір Қазақстан азаматы аударымдарды бақылаудың жаңа ережелерінен зардап шекпейтініне сендірді.
Салық комитеті қай жағдайда жеке тұлғаға қызығушылық танытуы мүмкін?
Қаржы министрлігі 2025 жылғы 12 қарашада мобильді аударымдар бойынша жаңа критерийлер енгізді. Бұған дейін қатарынан үш ай бойы әртүрлі адамдардан 100 аударымның түсуі кәсіпкерлік қызметтің белгісі ретінде ескерілетін.
Алайда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосымша лимит — 12 ТЖМ енгізілді. Бұл салық органдары келесі үш критерий сәйкес келген жағдайда жеке тұлғаны тексере алады дегенді білдіреді:
аударымдар 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан түссе;
операциялар қатар үш ай бойы жүргізілсе;
түскен қаражаттың жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен (1 020 000 теңге) асса.
Қарапайым мысал:
Егер 2026 жылдың қаңтарынан наурызына дейін адам жеке картасына үнемі – мысалы, тауарлар немесе қызметтер үшін – ақша қабылдаса және үш ай ішінде:
аударымдар 100-ден астам әртүрлі адамнан түссе,
олардың жалпы сомасы белгіленген лимиттен асса,
салық органдары түсініктеме сұратады және мұндай қызметтің кәсіпкерлік болып табылатын-табылмайтынын тексереді.

Фото:Tengrinews.kz