Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет кулуарында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин айтты.

"Қазіргі уақытта ең төменгі жалақы – 85 мың теңге, біз оны арттырамыз. Бүкіл әлемде ең төменгі жалақы медианалық жалақының 50 пайызы саналады, бұл – шамамен 300 мың теңге. Сондықтан біздің мақсатымыз жақын арада ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру", - деді Азамат Әмрин.
Ол ең төменгі жалақыны көтеру уақытын нақты айта алмайтынын, бәрі бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты екенін атап өтті.
"Биыл түсімдеріміздің қалай болатынын көреміз. Егер бұл динамика сақталса, онда мұны жасауға қаржылық мүмкіндік болады", - деп қосты Әмрин.

Фото:NUR.KZ