Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

2026 жылы құрбандыққа шалынатын мал қанша тұрады?

2026 жылы құрбандыққа шалынатын мал қанша тұрады?

2026 жылы құрбандыққа шалынатын мал қанша тұрады?

Құрбан айт қарсаңында республика бойынша мал соятын арнайы орындар белгіленді. Бұл туралы спикер Ермек Қасболатұлы мәлім етті

Оның айтуынша, құрбандық шалуға арналған орындар еліміздің барлық облыс орталықтарында қарастырылған.
Астанада құрбандық шалатын арнайы орын ретінде “Big Shanghai” және “Жайлау” базарлары белгіленді,– деді ол.
Сонымен қатар спикер биылғы мал бағасына да тоқталды.
Мал бағасына келетін болсақ, қазір әр малшы өз жағдайына қарай нарықтық бағамен сатып жатыр. Облыстардан алдын ала сұратылған мәліметтерге сәйкес, мал бағаларын арнайы сайттан көруге болады,– деді Ермек Қасболатұлы.
Сайттағы мәліметке сәйкес:
бір қойды құрбандыққа шалу құны – 125 мың теңге;
ірі қараны жеке атынан шалғысы келетін азаматтар үшін баға – 875 мың теңге;
ал ірі қараны жеті адам бірігіп шалатын болса, әр адам 125 мың теңгеден төлейді.
Айта кетейік, Құрбан айт күндері еліміз бойынша онлайн құрбандық шалу қызметі де қолжетімді болады.

Фото:  baq.kz