Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Атырау облысында жаңа электр станциясы салынады

Атырау облысында жаңа электр станциясы салынады

Атырау облысында жаңа электр станциясы салынады

Станция пайдалануға берілгеннен кейін 124 тұрақты жұмыс орны ашылады

Атырау облысының Жылыой ауданында қуаттылығы кемінде 250 МВт болатын бу-газ қондырғысы базасындағы жаңа электр станциясын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жоба аясында энергияны аралас өндіруге негізделген заманауи еуропалық бу-газ циклі технологиясы қолданылады. Бұл жүйеде алдымен электр энергиясы газ турбинасы арқылы өндірілсе, кейін пайдаланылған газдардың жылуы қосымша бу өндіруге бағытталып, бу турбинасы арқылы қайта электр қуаты алынады.
Мамандардың сөзінше, технология жоғары тиімділікпен жұмыс істеп, отынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қоршаған ортаға зияны аз.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жантас Оспанның мәліметінше, қондырғы іске қосылғаннан кейін оның пайдалы әсер коэффициенті 54–56 пайызға дейін жетеді.
"Құрылыс кезеңінде шамамен 350 адам жұмыспен қамтылады. Ал станция пайдалануға берілгеннен кейін 124 тұрақты жұмыс орны ашылады", – деді ол.
Жоба Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі ұлттық бағдарлама аясында жүзеге асырылады. Жаңа маневрлік қуат өңірдегі электр энергиясына деген сұранысты қамтамасыз етуге, энергия тапшылығын азайтуға және өндірістік әрі әлеуметтік нысандарды тұрақты электрмен жабдықтауға мүмкіндік береді.

Фото:Пресс-служба акимата Атырауской области