Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Еліміздің 17 өңірінде "Халық әуені" жобасы өтеді

Еліміздің 17 өңірінде

Еліміздің 17 өңірінде "Халық әуені" жобасы өтеді

Жоба ұлттық мәдени мұраны насихаттауға, өнердің үздік үлгілерін ел өңірлеріне, соның ішінде шалғай ауыл тұрғындарына жеткізуге бағытталады.

2026 жылғы 21-23 мамыр аралығында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай елімізде "Халық әуені" концерттік туры ұйымдастырылады.
Жоба аясында концерттік ұйымдар мен шығармашылық ұжымдар Қазақстанның 17 өңірін аралайды. Әр ұжым үш аудан орталығы мен моноқалада өнер көрсетеді. Жалпы тур аясында көрерменге 51 концерттік бағдарлама тегін ұсынылады. Концерттер жанды дауыста өтіп, бірқатары ашық аспан астындағы алаңдарда ұйымдастырылады.
Бағдарламаға елімізде және халықаралық сахналарда өнер көрсетіп жүрген танымал әртістер, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар қатысады. Көрермен ұлттық музыкалық мұрамен қатар, заманауи концерттік қойылымдарды тамашалай алады.
"Халық әуені" жобасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның демеушілік қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Фото: qazaqconcert.kz