Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ЕАЭО елдерінің автожолдарында жүк көліктеріне ортақ талап енгізілді

ЕАЭО елдерінің автожолдарында жүк көліктеріне ортақ талап енгізілді

ЕАЭО елдерінің автожолдарында жүк көліктеріне ортақ талап енгізілді

Еуразия көлік дәліздеріне кіретін ЕАЭО-ға мүше елдердің автожолдарында көлік құралдарының рұқсат етілген салмағы, осьтік жүктемесі мен габариттеріне қатысты ортақ талап енгізу туралы келісім күшіне енді.
"Бұл келісім көлік шығынын азайтып, жүк ағындарына тиімді қызмет көрсетуге елеулі ықпал етеді", – деді Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Қожошев.
ЕЭК мәліметінше, келісімнің арқасында ЕАЭО аумағындағы 14 мың шақырымнан астам автожолда бірыңғай техникалық талаптар қолданылады.
"Біздің бағалауымыз бойынша, кей жағдайларда келісім нормаларының арқасында халықаралық автожүк тасымалындағы тиімділік 15%-ға дейін артуы мүмкін", – деп атап өтті министр.
Бұған дейін салмақ пен габаритке қойылатын талаптардың әртүрлі болуына байланысты тасымалдаушылар жүктің оңтайлы көлемін тиеуден бас тартуға мәжбүр еді. Енді тауарларды бөліп тасымалдаудың немесе жүктің бір бөлігін басқа көлікке ауыстырып тиеудің қажеттілігі болмайды.
Сондай-ақ тасымалдаушыларға бұрын кей мемлекеттердегі төмен салмақтық-гбариттік нормаларға байланысты талап етілетін арнайы рұқсаттарды алу қажет емес.
ЕЭК өкілдерінің айтуынша, келісімнің күшіне енуі Одақтың ішкі нарығындағы тағы бір кедергіні жойып, ортақ көлік қызметтері нарығын құруға мүмкіндік береді.

Фото: Sputnik